BANNER

Қостанай тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді

Сурет: pixabay.com

Оқиға Қостанайдағы бөлшек және көтерме сауда ауданында болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел үстіне белгісіз бір сұйық зат құйып, өзін өртеп жіберген. Төтенше оқиға мекеме аумағында болған. Полиция аталған фактіні растады.

«Полиция өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталды. Өзге мәлімет жария етуге жатпайды», - делінген Қостанай облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.