Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Қарағанды қаласында облыс тұрғындарымен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен кездесті.
Вице-министр атап өткендей, Қарағанды облысы атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі бойынша жетекші өңірлердің бірі болып табылады.
Оның үлесіне елдің жалпы шығарындыларының шамамен 21% немесе 479 мың тоннасы (2,3 млн. тонна – 2023ж.) тиесілі. Бұл ретте облыс шығарындыларының 48% - ы Теміртау қаласына тиесілі.
Негізгі ластаушы заттар «Qarmet» АҚ және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындары болып табылады.
Олардың шығарындыларын бақылау мақсатында Министрлікке деректерді бере отырып, мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша жүйені 10 кәсіпорын енгізді. Орнату барысында 3 кәсіпорын. Жалпы алғанда, АТМ сенсорлары 60 көзге орнатылады.
Өңірдің экологиясын жақсарту мақсатында облыстың 2020 – 2024 жылдарға арналған экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасы бекітілді, оған 50 іс-шара кіреді.
Жол картасы аясында Қарағанды және Теміртау қалаларын газдандыру, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытында күкірт қышқылы цехының екінші желісін салу, кәріз желілері мен тазарту құрылыстары, ҚТҚ полигондары және жасыл желектерді ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан басқа, Қарағанды облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, оған жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі маңызды жобалар кіреді.
Облыс бойынша анықталған рұқсат етілмеген полигондардың қысқаруының оң динамикасы байқалады. Егер 2021 жылы 1360 орын анықталса, 2023 жылы – 739 (2022 – 745), ал 2024 жылы - 335 орын екі есе аз.
Жергілікті атқарушы органдар оларды жою бойынша жұмыстар жүргізуде. 2023 жылы полигондардың 92% - ы, биыл 45% - ы жойылды. Оларды жою жұмыстары жалғасуда.
Кездесу аясында азаматтарды жеке қабылдау және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізілді.
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді
Қарағанды облысының әкімдігі