BANNER

"Қызымның есімін атап оянамын": Салтанат Нүкенованың анасы желіде жүрекжарды жазба жариялады

Фото: yandex.kz

Қайтыс болғанына бір жылға жуықтаған Салтанат Нүкенованың анасы желіде жүрекжарды жазба қалдырды. Жұмагүл Нүкенова Астанада перзентінен айырылған аналармен кездесіп, сол эмоцияны қайта сезінгенін жеткізді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ke сілтеме жасап. 

"Осы айлар бойы қызымның есімін атап оянып, сол есіммен ұйықтап жүрмін. Салта әрқашан ойымда. Менің жанымдағы ауыртпалық қалған өмірімнің ажырамас бөлігі. Біздің үйдің күнін, жанын алып кетті.

Астанада перзентінен айырылған аналармен кездесуде мен барлық эмоцияны, сезімді бастан кешіріп, Салтамның жәннатта екеніне тағы бір мәрте көзім жетті", - деп жазды Жұмагүл Нүкенова.

Марқұм Салтанат Нүкенованың анасы қызы үнемі жеңіл көйлекпен күлімсіреп тұратыны елестейтінін айтты.

"Кездесулерде, қайда барсам да адамдар мені құшақтап, Салтаны, біздің отбасын қаншалықты жақсы көретінін айтады, жазады. Бізге көрсетіп жатқан қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын", - деді марқұмның анасы.