Маңғыстау облысында 1-10 маусым аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Іс-шара аясында көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Қытай Халық Республикасының 13 азаматының өңір аумағында заңсыз жұмыс істегенін анықтады.
Құқық бұзушы шетелдіктертің көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.