BANNER

Министрлік Қазақстанға әкелініп жатқан танымал корей жүзімдерін тексереді

Сурет: әлеуметтік желі

Желіде қазақстандықтар арасында “шайн мускат” жүзімі қызу талқыға түсіп жатыр. Аталған жеміс-жидекке қатысты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Журналистер Ауыл шаруашылығы министрінен корей жүзімінің зияны туралы сұрады.

«Өнімдер елге келгенде, біз олардың стандартқа сай екендігін тексеру үшін барлық сертификатын қараймыз. Олар міндетті түрде біздің сынамадан өтіп, зертханаға жіберіледі. Егер сізде сұрақтар болып жатса, оны қайтадан тексерейік. Өтініш жазыңыз, біз тексереміз. Нәтижесін айтамыз», – деді министр Айдарбек Сапаров.

Министр бұл жемісті өзі жеп көрмегенін мойындады.

«Жоқ, оны әлі сынап көрген жоқпын. Бұл жүзімді тексеріп көрейік. Шекарадан өткен болса құжаттары, анықтамалары бар деп ойлаймын. Егер жасырын жеткізілсе, басқа мәселе. Бүгін комитет төрағасына тапсырма беремін. Ол үлгісін алып, тексеріп көрсін», – деп сендірді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.