BANNER

Оқулықтағы «көгөніс» сөзі дұрыс жазылған – Министр

Сурет: pixabay.com

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақ тілі оқулығындағы «көгөніс» сөзін оқулыққа кім енгізгенін айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Үкімет үйінде журналист министрден орыстілді мектепке арналған 5-сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті оқулығында «көгөніс» сөзі жазылғанын, мұның қаншалықты дұрыс екенін сұрады.

Өз кезегінде министр «көгөніс» сөзінің дұрыс жазылғанын айтты.

«А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты бар. Сол жердегі ғалымдар қай сөздің қалай жазылуына байланысты шешім қабылдайды. Бұл оқулық сараптамадан өткен, сараптамаға дейін де лингвистикалық тексеруден өтеді. Тілге қатысты оқулыққа енетін барлық өзгерістер тиісті мемлекеттік органның қадағалауында. Бұл сұрақты институттан қосымша сұрай аламыз. Мен де сарапшылар қабылдаған кәсіби шешіммен келісуім қажет деп есептеймін», - деп жауап берді Оқу-ағарту министрі.