BANNER

Орталық саябақтағы демалыс: қарағандылықтарды ARQA Fest этнофестиваліне шақырады

Gov.kz

26 шілде күні Қарағандының Орталық саябағында ARQA Fest этнофестивалі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін кіру тегін.

Сағат 14:00-ден 19:00-ге дейін «Қарағандыда жасалған» атты жергілікті брендтердің жәрмеңкесі жұмыс істейді.

Қонақтар үшін ұлттық нақыштағы сәнді фотозоналар – киіз үйлер мен дәстүрлі ою-өрнектер ұсынылады. Сондай-ақ, тегін фотосурет түсіруге арналған арнайы фотокабина да қызмет көрсетеді.

Фестиваль бағдарламасында: авторлық перформанс – текеметке ою басу, музыкалық терапия сессиясы, поэтикалық оқылымдар және түрлі тосынсыйлар қарастырылған.

Кішкентай қонақтар үшін аниматорлар жұмыс істейтін балалар алаңы ұйымдастырылады.

Жаздың жаймашуақ демалыс күнін саябақта отбасыңызбен бірге қызықты өткізуге таптырмас мүмкіндік.

Кешкі сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін еліміздің және аймақтың танымал орындаушылары өнер көрсетеді. Сахнаға Райымбек Сатыбалды, Тимур Омаров, Дәуір Темірғалиев, Еламан Мәженов, Ілияс Қабдырай және Royal Flush Band шығады. Концерттің басты қонағы – хедлайнер Мархаба Сәби. Кешті авторлық DJ-сет түйіндейді.