BANNER

Осакаров ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Осакаров ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2025 жылғы 4 маусым күні сағат 12:00-де Молодежный кентінің мәдениет үйінде өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-72149) 4-30-30 телефоны арқылы және osak_apparat@akimat09.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.