BANNER

Pinduoduo платформасы Қазақстанға тауар жеткізуді қайта бастады

-

Pinduoduo платформасы Қазақстанға Қытайдан тауар тасымалдауды қайта бастады.

"Қазпошта" сәлемдемелерге Қытай бағытын таңдап, қосымша арқылы тапсырыс беруге болатынын түсіндірді. Жеткізу құны келісіне 3,73 доллар (1834 теңге).

"Қазпошта" АҚ-ның баспасөз қызметі Pinduoduo-ның уақытша жұмыс істей алмау себебі Қазақстан-Қытай шекарасындағы қиындықтармен емес, сайттың жаңаруымен байланысты екенін атап өтті.

Еске салсақ, қазан айында Pinduoduo Қазақстанға тауарлар жеткізуді тоқтатқан болатын.