Сенат кулуарында ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев теміржол тасымалы билеттерінің құны көтеріле ме деген сұраққа жауап берді ,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі nur.kz сілтеме жасап.
Сауранбаев бұған дейін тарифтер көтерілгенін айтты. Оның айтуынша, бұл қаражат қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсалған. Журналистер алдағы уақытта билет бағасы қаншаға өсетінін сұрады. "Билет бағасын көтеру әзірде жоспарымызда жоқ", - деп қысқа қайырды ол.
Еске салайық, былтырғы қазанда теміржол көлігі қызметтерінің бағасы 10,5 пайызға қымбаттағаны белгілі болды.