Президент Анардың жетістігі жастарды спортқа шабыттандырғанын атап өтті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz сілтеме жасап.
Анар өз кезегінде альпинизммен 2015 жылы айналыса бастағанын, Эверестке шыққанға дейін Монблан мен Килиманджаро шыңдарын бағындырғанын айтты.
Болашақта Анар әлемнің ең биік жеті шыңына шығуды жоспарлап отыр.
Альпинист естелік ретінде мемлекет басшысына әлемнің ең биік шыңын бағындырған Қазақстанның туын табыс етті.