Бұл жайлы Бала құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сілтеме
Оның айтуынша, жыл сайын биік үйлердің терезесінен құлап түскен балалар саны өсіп келеді.
Бұл қорқынышты сандар – құр статистика емес. Әр оқиғаның артына үңілетін болсақ алдын алуға болатын шынайы трагедия жатыр.
"Біз сізден терезеге арнайы бұғаттағыш орнатуды сұраймыз. Қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден түсуінің алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі. Үйіңіздің терезелері сенімді жабылғанына және баланың қолы жетпейтініне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, балаңызды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Бір сәттік немқұрайлық үлкен қасіретке айналуы мүмкін. Балаларымыздың қуанышты күлкісі мен алаңсыз балалық шағы үшін аса мұқият және қырағы болуымыз керек. Ата-аналар, балаларыңызға қамқор болыңыздар! Әр бала бақытты және қауіпсіз балалық шаққа лайық екенін есте ұстаған жөн", - деп еске салады Насымжан Оспанова.