«Тұлпар-Тальго» пойызының жолсерігі жолаушыны зорлады деген айыппен қамалып мерзімінен бұрын бостандыққа шықты,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz сілтеме жасап.
Бұл туралы Informburo хабарлайды.
Ақтөбенің №2 сотында 2018 жылы жолаушы зорлады деген айыппен сотталған «Тұлпар-Тальго» пойызының жолсеріктері мерзімінен бұрын босатылды. Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жетес Үмбеталиев жазасын толық өтеп, 2024 жылдың сәуірінде бостандыққа шықты. Ал, Қолқанат Құрманиязов шартты түрде мерзімінен 2 жыл бұрын босатылды.
2022 жылдың маусымында қалалық сот Құрманиязовтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Алайда, 2022 жылы облыстық сот оның өтінішін қанағаттандырып, қалалық соттың шешімін бұзды.
Ақтөбе облыстық соты қандай тармақтармен мерзімінен бұрын босатқанын атап өтті:
- Жазасының жартысын өтеген;
- Мекеме әкімшілігі тарапынан жақсы мінез-құлықпен ерекшеленді;
- Екі рет көтермелеу алды;
- Жазасы жоқ;
- Мінез-құлқы екінші дәрежелі болды;
- Мемлекетке процессуалдық шығындарды төледі, жәбірленушілерге өтемақы төледі.
Көпшіліктің наразылығын тудырған оқиға 2018 жылы «Тұлпар-Тальго» пойызының купесінде болды. Жолаушы зорланды. Сот жолсеріктерді кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айырды.