BANNER

Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы ММА бойынша әлем чемпионы атанды

pixabay.com

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Мөлдір Әшірбекова ММА IMMAF бойынша ел тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Ташкентте (Өзбекстан) Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (IMMAF) қамқорлығымен аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтуде. Мөлдір Әшірбекова 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты.

Ширек финалда қазақстандық қыз Анголалық Эсперанса Чилаланы 17:5 есебімен ұтса, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиладан (11:1) басым түсті. Әшіберкова финалдық белдесуде мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, 13:1 есебімен жеңіске жетті.

«Мөлдір Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы, бұл – тарихи жеңіс», деп хабарлады Қазақстан аралас жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі.