BANNER

«Таза Қазақстан»: Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданында үздік аула байқауы жарияланды

Қарағанды облысының әкімдігі

Әлихан Бөкейхан ауданының тұрғындарын «Үздік аула» байқауына қатысуға шақырады. Алғашқы үш орын үшін балалар ойын алаңдары орнатылады.

Бұл бастама көршілермен бірігіп, ауданды абаттандыруға үлес қосуға мүмкіндік береді. Байқау «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Аула қандай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

- үйді басқару нысандарының болуы (МИБ, ҚС, ЖШС, ЖК, ПИК);

- тұрғындардың абаттандыру мен көгалдандырудағы белсенділігі;

- гүлзарлардың, гүлбақтардың және күтіп ұсталған жасыл аймақтардың болуы;

- кіреберістердің үстіндегі жарықтың жұмыс істеп тұруы;

- балалар және спорт алаңдарының, дүкендердің, қоқыс салатын жәшіктердің және шағын сәулет нысандарының жай-күйі;

- кіреберістер мен жертөле үй-жайларының тазалығы.

Байқау 31 мамырға дейін өткізіледі.

Сұрақтармен және өтінім беру үшін 37-08-19 телефон нөміріне хабарласу қажет.