BANNER

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқан қарағандылық ұсталды

Сурет: pixabay.com

Қарағанды облысының полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен атқарылған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан Телеграмм-арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады.

Белгілі болғандай, 13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, «Очищение Караганды» деген атаумен өзінің телеграмм-арнасын  құрған. Осыдан соң ұсталған азамат облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісінің дайындалуы туралы ақпарат таратқан.

Қазіргі уақытта телеграмм-арнасы өшірілді.  Полиция қызметкерлерімен бұл қылмысқа шетелде жүрген адамдардың қатыстылығы тексерілуде.

Полиция органдары шұғыл қызметтердің шығыны үшін залалды өтеу бойынша сотқа талап-арыз беріледі. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.