Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен жанында мемлекеттік қызмет ардагерлері қатарынан құрылған Тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Отырыста Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Г.Жүнісова және Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Н.Смагулдың атқарылған жұмыстары және алға қойған жоспарлары туралы есептері тыңдалды.
Өз кезегінде мемлекеттік қызмет ардагерлері өз пікірлерін ортаға салып, жас басшыларға өздерінің тәжірибесі бойынша ақыл-кеңестерін беріп, қызметтері бойынша ұсыныстары мен бағыт-бағдарын берді.
Тәлімгерлер кеңесінің жұмысы бұдан әрі қарай мемлекеттік органдар арасында жүйелі түрде жүргізілетін болады.