Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аудандық соты қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.
Ол билікті асыра пайдаланып, ҚР қылмыстық кодексінің 362-бап, 4-бөлігі бойынша айыпталды.
Прокурор 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Алайда сот Ерлан Тұрғымбаевтың кінәсін мойындауын және өкінуін ескеріп, шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау орнатты.
Сонымен қатар, Тұрғымбаев белгілі бір лауазымдардан 10 жыл мерзімге айрылды. Арнайы атақтары мен мемлекеттік марапаттарынан да айырылды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.