BANNER

Үш күн ішінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері Қарағанды облысында 24 күрделі ота жасады

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Үш күн ішінде ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының тәжірибелі мамандары Қарағанды облысында 24 күрделі ота, 130-дан астам консультация өткізді, 1000-ға жуық тыңдаушыны қамти отырып, нейрохирургия, аритмология, гинекология, пульмонология, урология және басқа да бағыттар бойынша 26 шеберлік сабағын өткізді.

Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер қозғалды, диагностика мен емдеудің заманауи әдістері ұсынылды. 

Ұсынылған әдістердің кейбірі бұрын аймақта қолданылмаған.

Қарағанды облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде.