BANNER

Жалған хабарлама жасаған жасөспірім анықталды

Сурет: pixabay.com

9 шілде күні сағат 13.45 шамасында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау соғып, Қарағанды қаласында орналасқан «ОӘД»-де жарылғыш зат орнатылғанын айтқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің жедел кезекшісімен оқиға орынына барлық жедел қызметтер жұмылдырылды. Полиция қызметкерлерімен «ОӘД-нен» 230 адам шағарылды. Сауда үйі тексеріліп, ол жерден ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім анықталып ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті терроризм бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін еске салады.