BANNER

Желіде Астана мектептерінің біріндегі буллинг видеосы тарады: полицейлер оқиғаға пікір білдірді

Фото:pixabay.com

Желіде Астана қаласындағы мектептердің бірінің оқушылары қатарластарына қысым көрсетіп, ұрып жатқаны таспаланған видео жарияланды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ke сілтеме жасап.

Мектептегі буллингтің видеосы Instagram-дағы astana_press парақшасында пайда болды.

"Ұстаздар қауымы мен мектеп директоры да оқиғадан хабардар, алайда ешқандай іс-әрекеттер қабылдамай отыр", - делінген жазбада.

Полиция басқармасы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

"Оқиғаға қатысы бар 9-сынып оқушылары анықталды. Оқушылардан ата-аналарымен бірге жауап алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қорытындысы бойынша балалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Алматы ауданы полиция басқармасы өкілдері.