BANNER

Жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 44 адамға жетті – министрлік

tinfo.kz

Түнгі сағат 01:00-ден бастап Алматыда жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақат алған 44 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

"Олар қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам, оның 3-еуі ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-еуі ауруханаға жатқызылды, 5-еуі амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.

Барлық пациент қаланың емдеу мекемелерінде білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді, деп сендірді министрлік.

Еске сала кетейік, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілді.