BANNER

Алматыда тұрғын үй ауласында баланы ашық тұрған бағаннан тоқ соққан

Фото: Google

Жәбірленушінің анасының сөзінше, қыз қиыршық тастармен ойнап отырып, 220 вольттық шам бағанының теміріне тиіп кеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Арматураға қолы тиген қыз, бірден құлаған. Анасы қызының қолын әрең шығарыпты. Оның да қолын тоқ соғыпты. Жедел жәрдем келіп, қазір бала күйік алып, жансақтау бөлімінде жатыр екен.

Жәбірленушінің анасы әкімдік пен құрылыс салушы Rams Kazakhstan-нан оқиғаның мән-жайын анықтап, шара қолдануды сұрады. Ал полиция тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.