Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«2024 жылдың 26 қыркүйегінде Жоғарғы соттың телеграм арнасында жариялаған ақпаратына сай, істі қарау аясында Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып саналады», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған.
«Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз. Бұл ретте ата-аналар балаларды тәрбиелеу мен білім беруге, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жауапты және бұл заңда белгіленген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген ҚР Жоғарғы сотының хабарламасында.