BANNER

Жыл соңына дейін Қарағандыда тағы бір психолого-медико-педагогикалық кеңес ашылады

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында арнайы және инклюзивті білім беру инфрақұрылымы дамып келеді. Жыл соңына дейін Қарағандыда тағы бір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация және Балқашта психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылады.

Білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова педагогтерге арналған тамыз кеңесінде ерекше балалардың білім беру қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарлары туралы айтып берді.

– Облыста 30 арнайы ұйым, 10 арнайы мектеп-интернат, 3 арнайы балабақша, 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 2 оңалту орталығы, аутизмі бар балаларды қолдау орталығы жұмыс істейді. 2024 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. 2029 жылға дейін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 300 баланы (жыл сайын) қамту жоспарлануда, – деді ол.

"Қазақстан халқына" Қоры облыстың 10 арнаулы мектебінде сыныптар, шеберханалар, зертханалар, спорт және акт залдарын жабдықтады. Биыл Қор арнайы мектеп-интернаттар аумағында спорт және ойын алаңдарын салады.

Бүгінде облыс қалаларында инклюзияны қолдаудың Өңірлік ресурстық орталығы жұмыс істейді. Оған 6 қалалық және аудандық орталық, 9 инклюзияны қолдау кабинеті, 43 психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті кіреді.

Жаңа оқу жылында мектептерде "Біз бірдейміз!” республикалық акциясы бастау алады. Ол ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға төзімділікті тәрбиелеуге бағытталған.