Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан...
(Түйе туралы қызықты деректер)
Бағзы замандарда барлық шығыс мемлекеттерінің айбар-күші түйелер мен олардың төзімділігіне толығымен тәуелді болды. Міне, осы ерекше жануарлар туралы кейбір фактілер:
Түйе тұщы да, тұзды да суды іше береді. Ол тіпті өлі теңіздің суын да іше алады, бірақ оған ештеңе болмайды. Себебі түйенің бүйрегі суды сүзіп, оны тұздан тазартып, ішуге болатын тұщы суға айналдырады.
Түйе, сондай-ақ, тікенектерді жей береді, алайдае олар асқазан мен ішекке зиян тигізбейді. Өйткені оның сілекейі қышқылдың өзі сияқты тікенектерді ерітеді. Сілекейі тікендерді жұмсартып жібереді.
Түйенің екі қабағы бар. Біреуі жұқа және мөлдір, екіншісі қалың және етті. Шөлде құмды дауыл басталған кезде, ол өзінің мөлдір қабағын жауып, көзін құмнан қорғайды.
Түйе дене температурасын да өзгерте алады: суық болса, температураны көтереді, шөл даланың ыстығында дене температурасын төмендете алады.
Төтенше жағдайларда түйелер шамамен 30 күн су ішпеуі немесе бірнеше айға дейін тамақтанбауы мүмкін. Қоректік заттардың мол қоры (бірақ су емес) түйелердің түріне қарай бір немесе екі өркеште май түрінде сақталады. Ұзақ сапарлар кезінде түйе массасының үштен бір бөлігін жоғалтуы мүмкін, содан кейін оны тез арада 10-15 литр су ішу арқылы толтырады.
Түйе жүні әлемдегі ең жылы жүн болып саналады. Бұл - тамаша температура реттегіші. Ол жылуды жақсы сақтайды және ылғалдан қорғайды. Түйе жүні күн сәулесінде сексен градусқа дейін қызуы мүмкін, ал дене температурасы қырықтан аспайды. Дауыл мен суықта түйенің денесі әрдайым құрғақ болып қалады, өйткені жүн ылғалдың тез сіңуін ғана емес, оның тез булануын да қамтамасыз етеді.
Шамамен бір жасқа дейін түйе төлінің түсі ақ болады. Дәл осындай мамық аса қымбат бағаланады, өйткені ол ең жұқа, жұмсақ және нәзік қалыпта болады. Түйенің түсі жүні қалыңдап, өскен сайын өзгереді.
Айтпақшы, түйе жүнін бояуға болмайды, сондықтан одан жасалған бұйымдарда түстер палитрасы болмайды.