Биыл әлемдік экономика баяу өсім көрсетеді,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі 24.kz сілтеме жасап.
Есесіне инфляция бәсеңдейді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы өкілдерінің болжамы осындай. Дегенмен мамандар Азия өңірінің экономикасы біршама жақсы дамуы мүмкін. Бірақ ол үшін білім беру және денсаулық сақтау саласындағы бюджеттік саясатты күшейту қажет дейді. Ұйым өкілдері, сондай-ақ "Джи-20" елдерінде инфялция деңгейі 6,5 нан 4-процентке дейін төмендеуі тиіс деп отыр. Бірақ Таяу Шығыстағы шиеленіс секілді геосаяси ахуалға байланысты бағалардың қайта шарықтау қауіпі бар көрінеді.
Матиас Корманн, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы:
«Әлемдік экономиканың өсімін тежеп отырған екі фактор - бұл геосаяси ахуал және қызмет құнының тұрақты өсімі. Қызыл теңіздегі текетірес жаһандық сауда-саттық пен экнергетика саласына қауіп төндіріп отыр. Таяу Шығыстағы шиеленіс те әлемдік бағаның өсуіне әсер етуі мүмкін».