BANNER

Ұлыбритания жаң банкноттарды биыл маусымда шығарады

фото: Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі

Ұлыбританияның ұлттық валютасы – фунт стерлингтің банкноттары биылғы маусым айынан бастап өзгереді. Енді ондағы көзге үйреншікті ІІ Елизавета патшайымның суретінің орнына Ұлыбританияның қазіргі королі III Карлдың суреті болады,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Euronews-ке  сілтеме жасап.

Бірақ, III Карл суреті барлық купюраларда болмайды. Ол үшін құны 5, 10, 20 және 50 фунт стерлинг болатын банкноттар таңдап алынған. Сондай-ақ, ескі купюралар да айналымда қала бермек. 

III Карлдың суреті бейнеленген банкноттардың алғашқы партиясы аукцион арқылы сатыпы, одан түскен қаржы қайырымдылық шараларына жұмсалады, деп жазады басылым.