Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды: құтқарушылар екі газ баллонын тапты

Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды: ер адам үйінді астында қалды

Бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды.Нақтыланған ақпарат бойынша бу жылыту қазандығы жарылып, салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі tengrinews.kz- ке сілтеме жасап.

 

"Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты", - делінген хабарламада.

 

ТЖД күшімен үйінді астынан ер адам шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді. 24 адам және 6 техника жұмылдырылды.