Демалыс күндері 30 градусқа дейін аяз болады

Фото: unsplash.com

Демалыс күндері 30 градусқа дейін аяз болады,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі el.kz сілтеме жасап.

Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш күнде республиканың бүкіл батыс бөлігіне Батыс антициклон әсер етеді, онда жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, ал елдің қалған аймақтарына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөлімдер әсер етеді, олармен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман және боранмен желдің күшеюі күтіледі.

Түнде елдің батысында ауа температурасы 22-30 аязға дейін, солтүстік-батыста 20-30 аязға дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста 7-18 аязға дейін әлсірейді, оңтүстікте 5 аязға дейін – 5 жылу, оңтүстік-шығыста 0-10 градус аязға дейін көтеріледі.