BANNER

«Егістікке көмілген мүрде»: Жоғалып кеткен бизнесмен табылды

Фото: yandex.kz

Ақмола облысы Аққайың ауылына жақын жерде 44 жастағы астаналық бизнесменнің мәйіті табылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke  сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін жоғалған деп есептелген ер адам егістікте жерленген болып шықты.

Orda.kz Ақмола облыстық полиция басқармасына хабарласқан болатын.

«Мәйіт табылған соң қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс Астана қалалық полиция департаментіне беріледі. Тергеу туралы толық ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы бойынша жарияланбайды"  деп мәлімдеді облыстық полиция басқармасы.