BANNER

Қазақстанда халықтың 70% жуығы жұмыспен қамтылған - статистика

-

2021 жылы 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды құрады. Бұл халықтың жалпы санының 69,3% (2020 жылы – 69,2%) құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. 

Ондағы мәліметтерге қарағанда, бір жыл бұрын аталған көрсеткіш 100 мыңға кем болған (2020 жылы – 9,2 млн. адам). Экономиканың түрлі салаларында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 4,2 млн адам немесе 48,3% – әйелдер (2020 жылы – 48,2%).

Жұмыспен қамтылған халық құрылымының басым бөлігін жалдамалы жұмыскерлер құрайды – 6,7 млн адам немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,2%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 2,1 млн адам немесе 23,8%.

«Бұл ретте, егер жалдамалы жұмыскерлер санында гендерлік теңдік байқалса (50,9% – ерлер, 49,1% – әйелдер), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында әйелдермен 45,6% салыстырғанда ерлердің үлесі сәл жоғары – 54,4%»,,-делінген хабарламада.