Қазақстанның қай қалаларында мектеп оқушылары қашықтан оқиды 

Фото: unsplash.com

Қазақстанның бірнеше қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен колледждің кейбір бірінші ауысым курстарының студенттері онлайн оқитын болады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.


"2024 жылғы 20 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", делінген Астана қаласының білім басқармасының хабарламасында. 


Yk-news.kz сайтының жазуынша, Өскеменде аязға байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды. 


Павлодарда 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждің бірінші ауысымдағы бірінші және екінші курс студенттері қашықтан оқытылады. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады. 


Семейде ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-11 сынып оқушылары мен бірінші ауысымдағы колледж студенттері де онлайн оқитын болады, деп хабарлайды білім бөлімі. 


Бірінші ауысымындағы мектеп оқушылары мен кейбір курс студенттері қайтадан қашықтан оқитын болады, деп жазады ekaraganda.kz. 


Айта кетейік, синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда 20-22 ақпан аралығында ауа температурасы -45 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.