BANNER

Оралда бесінші қабаттан құлаған бала қайтыс болды

Фото: yandex.kz

7 шілде күні сағат 22:50-де Оралда 2019 жылы туылған бала бесінші қабаттың терезесінен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Батыс Қазақстан полиция басқармасы мәлімдеді.

«Бала алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Тергеу жүріп жатыр», — деді полиция басқармасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы 7 шілде күні түсте тағы бір бес жасар баланың үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткенін хабарлаған болатын. Сәби облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.