BANNER

Шерзат Болаттың өлімі: қылмыстық іс бес бап бойынша қозғалды

Фото: скриншот

Қазіргі кезде қасақана кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам қамауға алынды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Талғардағы қанды оқиға бойынша бес қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың депутаттық сауалға жауабында жазылған.

Тергеу шараларын Алматы облыстық полиция департаменті жүргізіп жатыр. Баптар:

1.адам өлтіру (99-бабының 2-бөлігі);

2.бұзақылық (293-бабының 3-бөлігі);

3.қорқыту (115-бап);

4.қылмысты жасырып қалу (432-бап);

5.қылмыс туралы хабарламау (434-бап).

Қазіргі кезде қасақана кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам қамауға алынды.

"Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр. Тергеу барысында басқа да адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - дейді Сәденов.

Айта кетері, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. 12 қазанда отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп жіберді. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.