BANNER

Тоқаевтың бұйрығы: Қазақстанда биыл ардагерлерге қанша төленеді?

Фото: жоқ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл барлық өңірде соғыс ардагерлеріне кем дегенде 1 миллион теңгеден біржолғы жәрдемақы беріліп жатыр. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл барлық өңірде соғыс ардагерлеріне кем дегенде 1 миллион теңгеден біржолғы жәрдемақы беріліп жатыр. Тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға да материалдық қолдау көрсетіледі. 8-9 мамырда облыс әкімдері деңгейінде соғыс ардагерлерімен және олардың отбасы мүшелерімен арнайы кездесулер ұйымдастырылады. Бүкіл еліміз бойынша "Ардагерлерге тағзым" қайырымдылық акциясы өтеді. Соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан қажет көмек алдағы уақытта да жүйелі түрде беріледі", - деді Руслан Желдібай.

"БАҚ өкілдері Президенттің Жеңіс күні мейрамына орай өткізілетін іс-шараларға қатысуына байланысты сауалдарын жолдап жатыр. Биыл 9 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Отан қорғаушылар" монументіндегі Мәңгілік алауға дәстүрлі гүл қою рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Президент 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиынға қатысады", - деді Президенттің баспасөз хатшысы .