13 қыркүйекте Астанада танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концерті өтті. Әншінің жанкүйерлері концерттен кейін стадиондағы қоқысты жинаған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ke сілтеме жасап.
"Қазнетті таңғалдырды: Димаштың елордалық жанкүйерлері концерттен кейін стадионды қоқыстан тазартты", - делінген Астанада әкімдігінің желідегі ресми парақшасында жарияланған видео астындағы жазбада.
Ведомство өкілдері мұндай тазалық акциялары елордада тұратын әрі қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар үшін игі дәстүрге айналғанын айтады.
"Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таңғалды. Тазалық акциясына "Астана Жастары" КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды", - дейді олар.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте Астанадағы "Астана Арена" стадионында әлемге әйгілі әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергеннің STRANGER атты жеке концерті өтті.
Мәдени кешті ұйымдастырушылардың айтуынша, Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне әлемнің 80 елінен 10 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Олардың қатарында Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Италия, Франция, Испания, Польша, Беларусь, Ирландия, Чехия, Венгрия, Финляндия, Өзбекстан, Германия, Норвегия, Түркия және т.б. елдер бар.