BANNER

Қарағандыға Қалибек Қуанышбаев атындағы театр гастрольдік сапармен келеді

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандыға Астанадан Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры гастрольдік сапармен келеді.

Қарағандылық өнер сүйер қауым 23 қараша күні сағат 14:00-де Оралхан Бөкейдің "Ұйықым келмейді" драмасын тамашалай алады.

Режиссері – Базыл Сұлтанғазы.

Сол күні сағат 20:00-де көрермендерге "Кешкі 7" спектакль-концерті ұсынылады. Режиссер – Базыл Сұлтанғазы, қоюшы-суретші – Шынар Елембаева.

Қойылымдар С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында өтеді.