BANNER

KRG Urban Market шығармашылық фестивалі өтеді

gov.kz

13 және 14 шілде Қарағандыдағы KRG Urban Market фестивалінде отандық суретшілердің шығармашылығымен танысып, шеберлік сабақтарына қатыса аласыздар!

Мереке дарынды қарағандылық суретшінің әрлеуімен шектеулі тауар топтамасының шығуына орай ұйымдастырылды. 

Қалалық поп-арт нарығын қарағандылық урбанистика орталығы өткізеді. Онда қазіргі заманғы суретшілердің суреттерін көріп қана қоймай, өзіңіз де сурет салуды үйрене аласыз. Өнер сүйер жандарда Астанадан келген суретші Гүлбарам Асқарованың дәрісін тыңдау мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, музыкалық топтар мен диджейлер өнер көрсетеді. Қаладағы тамақтану орындары арнайы фуд-корт ұйымдастырады. Келушілерді сыйлықтар мен ұтыс ойындары күтеді.

Фестиваль 13:00-ден 21:00-ге дейін өтеді.

Мекенжай: Алалыкин көшесі, 12.