Көрме Қазақстан Республикасындағы Италия мемлекетінің Елшілігі мен «Scripta Maneant» баспасының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италия мәдениет институтының, Forte Bank пен Mastercard-тың қолдауымен жүзеге асырылды.
Қазақстанда Леонардо да Винчидің бірегей және құпияға толы каринасының бірі – «Әдемі ханшайым» (La Bella Principessa) алғаш рет көпшілікке көрсетілді,-деп хабарлайды LIFE09 ақпаратттық агенттігі Aikyn.k z сілтеме жасап.
«Әдемі ханшайым» картинасының көрмесі Қазақстан Республикасындағы Италия мемлекетінің Елшілігі мен «Scripta Maneant» баспасының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италия мәдениет институтының қолдауымен жүзеге асырылды.
Леонардо да Винчидің өмірі мен шығармашылығы бойынша әлемдегі беделді зерттеушілердің бірі, британдық өнертанушы Мартин Кемп «Әдемі ханшайым» (La Bella Principessa) деп атаған жас бойжеткеннің портреті Варшавада сақталған Сфорциадалардың инкунабул-кодексінің көшірмесіне енгізілген. Бір қырымен бейнелеген бойжеткеннің бейнесі 15-ғасырдағы томның ішінен алынған.
Портрет Паскаль Коттенің Париждегі студиясында мультиспектральды сканерлеу əдісімен егжей-тегжейлі зерттелген. Котте техникалық зерттеу барысында Леонардоға ғана тəн техниканы, атап айтқанда, бояуды араластыру үшін суреттегі бейненің оң қолының шетін пайдаланатын техникасын анықтаған. Пентименттер де анықталған, əсіресе бойжеткеннің бас жағында. Демек зақымданған жерлерге кейінірек ретушь жасалғанын көруге болады.
Оның кескіні тушьпен мүлтіксіз нәзік берілген. Суретші сондай-ақ қылқаламмен жұқалап бояу жағып, фонға рельефтілік бере алған. Кейіндеу жағылған бояулар бейненің сұлбасын күшейте түскен. Ақ пен қызыл түстер араластырып жағылған бояуды суретші саусақ ұшымен жұқартып, суретке реңк бере түскен. Бойжеткеннің денесінің кей жерлері пастельмен жəне бояумен салынған. Пергаменке салынған суреттегі бойжеткеннің көзі əдемі кірпікпен көмкеріліп, оның сұлулығын одан əрі ашып тұр.
Бойжеткеннің сезімге толы осынау бейнесі XV ғасырдың соңында сəн болған киім элементтері мен шаш үлгісін паш етіп қана қоймай, Беатриче д’Эсте Миландағы Сфорца сарайында болған кезең, 1491 мен 1497 жылдар арасындағы Кватроченто дəуірінің костюмін де таныстырып отыр.
Осы бір ғажайып портрет Леонардоның əлі де зерттеуді қажет ететін құпия тұстары бар шығармашылығын көрсетеді. «Сұлу Ханшайым» портретінің салыну техникасына қарап отырып, ұлы шебердің туындыларының біз білмейтін қыры мен сыры əлі де көп екенін түсінгендейміз.
Аталмыш картина әлем бойынша небәрі бес мемлекетте көрсетілген. Әр көрме сайын сыншылар мен мәдениет сүйер көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырған. Көрме 7 маусым мен 4 тамыз аралығында ҚР Ұлттық музейінің мультимедиялық залында өтеді.