Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заңға қол қойды.
Құжат үй және қаңғыбас жануарларды ұстау ережелерін, сондай-ақ оларды реттеу тәртібін қамтиды.
Жергілікті әкімдіктер мен мәслихаттар жануарларды ұстау ережелерін және қаңғыбас ит пен мысықтарды уақытша ұстау пункттерінде қанша уақыт болатынын өздері белгілей алады.
Сондай-ақ жануардың иесі бар-жоғын анықтайтын белгілері кеңейтілді. Енді мойынбау (ошейник), белгі (бирка) және сыртқы келбет те ескерілетін болады.
Қолданыстағы қайтарымсыз аулау моделі сақталды. Бірақ эвтаназия тек медициналық негіз болған жағдайда және ветеринардың қорытындысымен ғана рұқсат етілетіні бөлек бекітілді.
Қызу талқылаудан кейін Мемлекет басшысы жануарларға қатысты заңға қол қойды
Фото: Aqorda