BANNER

Қайрат Сатыбалды халықтан кешірім сұрады

@sputnik_aitady

Назарбаевтың немере інісі 50 млрд теңгеден астам активті мемлекетке береді.

 

Қайрат Сатыбалдыдан қазір 18 млрд теңгеге активтер қайтарылды, деп хабарлады бас прокуратура.

 

Олар: 

▪️Алматыдағы 2 ірі бизнес орталығы, 

▪️коммерциялық жылжымайтын мүлік

▪️Астананың беделді ауданындағы элиталық үй 

▪️жалпы құны 192 млн теңгені құрайтын Rolls-Royce Cullinan және Aston Martin маркалы көліктер.

 

Жалпы сомасы 33 млрд теңгеге Сатыбалдыұлынан алынатын мүліктер: 

 

▪️Дубай қаласындағы құны 20 млрд теңге тұратын екі бағалы вилла; 

▪️Францияның Көкшіл жағалауындағы құны 4 млрд теңге тұратын төрт элиталық пәтер; 

▪️құны 5 млрд теңге болатын Мәскеу қаласындағы беделді тұрғын үй кешендеріндегі 15 жылжымайтын мүлік; 

▪️құны 4 млрд теңгеден астам Түркияның Бодрум және Стамбул қалаларындағы екі элиталық вилла және пәтер.

 

@sputnik_aitady