Белгілі қазақстандық стилист Анека Айтимова Селена Гомес пен Дженнифер Энистон ұйымдастырған "Galentine’s Day" мерекелік іс-шараға арнайы қонақ ретінде шақырылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі harpers_bazaarkz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Актрисаларға тиесілі "Rare Beauty" және "LolaVie" брендтері бірігіп, нағыз әйелдер достығы мен сұлулығын дәріптейтін мереке ұйымдастырды. Сонымен қатар, Селена "Rare Beauty"-дің жаңа топтамасын, ал Дженнифер "LolaVie"-дің жаңа шашқа арналған спрейін таныстырды.