Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – деп жазылған ресми хабарламада.
Бұл құжат Каспий теңізі бойынша Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекараны айқындау және балық кәсіпшілігі аймақтарының аражігін ажырату мақсатында әзірленді.