BANNER

«Мен бұл сайлауға қатыспаймын!»: Әміржан Қосанов

ашық дереккөз

Әміржан Қосанов өзінің сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді.

«Осыдан біраз уақыт бұрын мен 2022 жылғы президенттік сайлауға түсуге дайын екендігімді мәлімдеп едім. 2019 жылы сайлауға қатысқан мен осы жолы да тіркеуден оп-оңай өте алатынымды, демократиялық ұстанымымды паш етіп, кез келген қарсыласпен лайықты бәсекеге түсе алатынымды жазғанмын.

Иә, өткен президенттік сайлаудың қорытындысын мойындап, мен біраз сынға да ұшырағанмын. Бірақ, біреу келісер, біреу келіспес, билік сол жолы өліспей беріспейтін еді, оның арты сұмдық сойқанға ұласып, бас жарылып, қан төгілуі мүмкін еді. Сондықтан өз басым сондай қиын, сол кезде екінің бірі түсінбеген шешім қабылдап, халқымды қанды қырғыннан құтқарып қалдым деп есептеймін.

Ол сөзімнің растығын Қанды қаңтар көрсетті: сол күнге дейін «қазақ қазаққа қарсы оқ атады» деп кім ойлады?! Сол себепті ел алдында арым таза. Ал ол қадамымды түсінбегендер, өз ойында қала берсін, мен оларды өзгерте алмаймын. Мен – жеке бас амбициямды емес, елімнің амандығын ойлайтын азаматпын. Сол принципімде қала беремін!

Осы сайлауға қатысуым не қатыспауыма қатысты бірқатар БАҚ, азаматтардың әлеуметтік желілердегі, мессенджерлердегі сұрақтарына жауап бере отырып, бүгін мен 2022 жылғы президент сайлауына қатыспайтыным туралы мәлімдеймін.», деді Қосанов.

 

 

Дереккөз: nege.kz