Мемлекет басшысы «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Ақорданың ресми сайты заңның мәтіні баспасөзде жарияланатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын.
«Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз», - деген еді Президент.