BANNER

Шет ауданында су тасқынынан болған шығын есептелуде

Фото:gov.kz

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов Шет ауданында ТЖ жою жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді. 

Қазіргі уақытта комиссия су тасқынынан болған залалды бағалауда.

Шет ауданындағы су тасқынынан барлығы 41 үй зардап шекті. Қазір комиссия Ақсу және Қайрақты ауылдарында жұмысын аяқтауда, келесі кезекте Деріпсал және Красная Поляна. Мүлік шығынын есептеумен қатар үйлердің техникалық жағдайы да анықталады.

Ермек Алпысов Қайрақты және Ақсу тұрғындарымен де кездесті. Ол қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып, әрқайсысына көмек көрсетілетінін тағы да атап өтті.

– Комиссия залалды бағалауды мүмкіндігінше жедел жүргізуі үшін тапсырма бердім. Әкімдік қазір тәулік бойы жұмыс істеуде. Сенім телефоны құрылды. Біз барлық зардап шеккендерге міндетті түрде көмектесеміз, – деді Ермек Алпысов.

Кеше су басқан ауылдарға облыстық "Әнет баба" мешітінен, "Өрлеу "БАҰО" Қарағанды облысы бойынша кәсіптік даму институты" АҚ филиалынан, "Шығыс" базарынан және Динара Сәтжаннан гуманитарлық көмек жеткізілді.

Барлық сұрақтар бойынша тұрғындар аудан әкімдігіне (8-71031) 21-5-09, 21-3-04 телефондары арқылы хабарласа алады.