BANNER

Асу Алмабаев UFC-де алғаш рет жеңілді

Сурет: championat.com

Отандасымыз UFC Vegas 103 турнирі аясында Манель Капеден ұтылып қалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Асу Алмабаев UFC турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 253 турнирінде анголалық Манел Капемен кездесіп, жеңіліс тапты. 

Бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі алғашқы жеңілісі. Осылайша, оның рекорды 4 жеңіс, 1 жеңіліс болып өзгерді.

Жекпе-жекке дейін ол ең жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде сегізінші орында тұрған, ал Манел Капе алтыншы орында еді.