BANNER

Испания құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты

Фото: Gettyimages.ru

2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалына жолдама алған алғашқы команда анықталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ke сілтеме жасап.

Еуропа чемпионатының жартылай финал аясында Испания мен Франция құрамасы кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Матчтың 9-минутында Франция құрамасының ойыншысы Коло Муани баспен гол соғып, есеп ашса, 21-минутта Испания құрамасының ойыншысы Ламин Ямаль тамаша гол соқты. Осылайша, 16 жасар Ямаль Еуропа чемпионатында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Араға 4 минут салып, Испания құрамасы екінші голын соқты. Дани Ольмо көзге түсіп, командасын есепте алға шығарып қана қоймай, жеңіс голын сыйлады. Екінші таймда қос құрама қанша шабуылдағанымен гол соға алмай, есеп өзгеріссіз қалды. Сөйтіп Испания құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шыққан алғашқы команда атанды. 

Айта кетейік, Испания құрамасы осы уақытқа дейін Еуропа чемпионатын үш рет ұтқан еді. Енді оларда төртінші рет Еуропаның үздігі атану мүмкіндігі бар. Осы уақытқа дейін ешбір құрама 4 рет Еуропа чемпионы атанбаған.