BANNER

Майами: Елена Рыбакина әлемнің 9-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

Сурет: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы грекиялық Мария Саккаримен сынға түсті.

Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда Елена 4:2 есебімен алға шыққанымен, Мария ізінше брейк жасады. Дегенмен қазақстандық теннисші тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5.

Екінші сетте, керісінше, Саккари алға кетті – 3:1. Дегенмен Рыбакина таразы басын теңестіре алды – 4:4. Содан кейін есеп 5:4 болып, қарсыласы доп бергенде, екі бірдей матчболды мүлт жіберді – 5:5. Тай-брейкте Саккари сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте Елена брейк жасай білді – 4:3. Ақыры өзі доп бергенде, бесінші матчболын пайдаланды – 6:4.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен кездеседі. Ол ширек финалда тағы бір қазақстандық Юлия Путинцевадан басым түсті.